Меню KDT

logo.jpg?_=1699240459


КГУ "Златогорская СШ"
  • kz
  • ru
  • en
  • Уважаемые родители. В КГУ "Златогорская средняя школа" ведётся набор в первый класс, с русским и казахским языком обучения. Приём документов осуществляется через платформу Sitsen.kz с 1.04 по 31.08.2024г. 
    Перечень необходимых  документов:
    2 фото 3*4
    Копия свидетельства о рождении
    Мед.справка форма 075
    Медицинский паспорт
    Удостверение одного из родителей.

    Менің мамандығымдағы алғашқы қадамдар (Эссе)

    Солтүстік Қазақстан облысы

    Айыртау ауданы

    Златогорская орта мектебінің

    Информатика сынып мұғалімі

    Мағзұм Нұрланбек

            Менің өмірдегі басты арманым – жүрек қалауымен ұстаз болу. Бұл «ұстаз» деген сөзді мен жай ғана айта салмаймын өйткені, бұл айтуым маған үлкен мағыналы жауапкершілікті жүктейді.Ұстаз сөзінің мағынасы өте зор. Ұстаз сөзінің кең мағынада зерделеп қарасақ, жақсылыққа тәрбиелеу, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізуге үйрету дегенді білдірсе, тар мағынасында ұстаз сөзі әртүрлі оқу орындарын

     

    Менің мамандығымдағы алғашқы қадамдар

    (Эссе)

    Солтүстік Қазақстан облысы

    Айыртау ауданы

    Златогорская орта мектебінің

    Информатика сынып мұғалімі

    Мағзұм Нұрланбек

            Менің өмірдегі басты арманым – жүрек қалауымен ұстаз болу. Бұл «ұстаз» деген сөзді мен жай ғана айта салмаймын өйткені, бұл айтуым маған үлкен мағыналы жауапкершілікті жүктейді.Ұстаз сөзінің мағынасы өте зор. Ұстаз сөзінің кең мағынада зерделеп қарасақ, жақсылыққа тәрбиелеу, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізуге үйрету дегенді білдірсе, тар мағынасында ұстаз сөзі әртүрлі оқу орындарында  арнайы сабақ беріп, дәріс оқитын адамға қатысты қолданылады.

    Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес. Ол – адам бағдарын жасаушы, балалар мен үлкендер әлемінің арасындағы сарапшы.Сондай – ақ ол баланың психикалық құпияларын жетік біле отырып, білім береді, оны адам болуға үйретеді.

          Әдетте «ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген мағынада оқушының  бойына шынайы білім-білік дағдыны дарытып, зердесіне ғылым негіздерін тоқыта алған, оқушыны майталман бағбандай мәпелеп, баулып,үйренген нәрселерін өмірде , іс жүзінде қолдана білуге жаттықтыра алған,сөйлеген сөзі, жүріс-тұрысы,істеген ісі,парасат – пайымы, инабаты, білімінің тереңдігі мен жан – жақтылығы арқылы шәкірттеріне ең беделді үлгі бола алған адам  ғана ұстаз болып   саналады. Жоғарыда аталған қасиеттің бәрі, әсіресе мұғалімінің бойында болуы шарт. Оқушы үшін ол тек мұғалім емес, ол әнші, ол биші, ол күйші болуы керек.

      Ұстаздың үздік қасиетінің, яғни шын мәніндегі үлкен абырой -беделінің тәрбиелік күші шәкіртінің соларды мойындай отырып, сол әсерге міндеттеусіз, зорлаусыз өз ерік – қалауымен берілуінде, қабылдауында, еліктеуінде. Адам өзінің айырықша сыйлайтын, сенетін, тәнті болып, мақтан тұтатын кісісінің айтқанын екі етпейді, тапсырмасын ауырсынбайды, оны шын пейілі, ықыласымен, бар ынтысымен және шабытымен орындайды.Егер оқушы бойында ынта – ықылас оянбаса, онда жүз мұғалімді төбесінен төндіріп қойса да, түк шықпайды. Атақты неміс педагогы Адольф Дистервергтің «Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп, табуға үйретеді» немесе араб ғалымы Абу – ль- Фарадж аль – Исфаханидың «...Түсінгендіктің шын белгісі «иә» деген жауап емес, шәкірттің жүзіндегі қуаныш болып табылады», - деген.

      Ең білгір, ең жауапты ең негізгі болып табылатын сол мұғалімге отбасы мен қоғам ең қымбаттысын, өз елінің азаматтарының тағдырын, оның болашағын табыс еткен.

    Сол табысталған аманатты бұлжытпай орындау үшін,  мұғалімі қазіргі қоғам талаптарын ескеріп, өзінің алдына педагогикалық міндеттерді қоя және шеше білетін, оқыту мен тәрбиенің озық технологияларын меңгерген, білім беру процесін басқара алатын, тәжірбиеде педагогикалық ситуацияларды оқушы тұлғасының дамуына бағыштап жобалай және жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға болуы қажет.

    Сонымен қатар қазіргі таңдағы мұғалім оқушы үшін «дайын» білім көзі ғана болмай, керісінше, оқушыларының танымдық іс – әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі бола білуі де қажет.

       Міне, жоғарыдағы аталғандарды ескере отырып, өмірге қоғамға бейім, білім нәрімен терең сусындаған, тәрбиелі де ізгі жүректі адам өмірге үлкен мақсаттар қойып, талапшылдықпен, мақсаткерлікпен алға аттатсам – бұл менің өмірімнің ең шынайы әрі ғажайып мәні. Өйткені мен ұстазбын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін. Мен мұны мақтаныш сезіммен айта аламын.Менің шәкірттерім егемен елдің, Тәуелсіз Қазақстанның толыққанды азаматы болып шықса, одан артық менде арман болмас еді.

            Адам үшін мамандық таңдау – өмірдегі ең үлкен қадам болып табылады. Алғашқы еңбек жолымды Көкшетау қаласының қазақ лицейінен бастадым. Бұл оқу орны талай жылдан бері қаншама түлектерін, сапалы біліммен қаруландырып, түлеткен орын. Әрбір оқу орнының негізгі тірегі – ұстаз қауымы болып келеді. А.Байтұрсынов: «Бала – балғын тал, ұстаз - бағбан» деп айтпақшы, мен осы қиын жолды өз еркіммен таңдадым. Яғни, мен енді жас шыбықтың майыспай, түзу өсуі үшін ерінбей еңбек ететін боламын.Өмір атты сан қалтарыстан тұратын үлкен жолды ұстаздан тәлім алмаған жан кемде кем. Ұстаз адамды алғаш мектеп табалдырығын аттаған, бүлдіршін кезінен бастап, бар мейіріммен, білім айдынына жетектейді. Ерінбей, жалықпай бағбанның тал еккені сияқты, шәкірт жүрегіне білім нәрін егуге тырысады. Сол жеткіншектерден ертеңгі күні асыл, ардақты азамат тәрбиеленіп шықса, күллі  еңбегінің ақталғаны деп білемін.

               Ұрпақ тәрбиесі оңай шаруа емес. Ол орасан төзімділікті, жас буынға деген жанашырлық пен өлшеусіз махаббатты қажет етеді. Сондықтанда, білім ордасына жұмыс істеуге жүрегінде балаға деген жылуы мен үйретемін деген құштарлығы бар шынайы педагог қана келеді.

              Педагог үнемі үлкен ізденісте жүруі керек. Сонда ғана ол үлкен жетістікке жетіп,еңбегінің жемісін көреді.К.Д. Ушинский: «Мұғалім өзінің білімін көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқаннан кейін оның мұғалімдігі де жойылады» - деген.

             Ұстаздың әрбір жетістігі, әрбір аттаған қадамы биікке жетелейтін сатыны қалыптастырады.Ол сатының алғашқы  баспалдағы – үлкен тәжірибе, үлкен өмір мектебінің бастауы.Ұстаздық  жолымның бастапқы сатысында аудандық семинарларда ашық сабақтар, шеберлік сынып және облыстық  көлемде шыберлік сынып өткізіп, сол өткізген ашық сабақтарым туралы жақсы пікірлер айтылуы, менің алғашқы жетістіктерім деп білемін. Ал оқушыларым аудандық ғылыми жобаларға, интернет олимпиядаларға  қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Осындай жетістіктерге біртіндеп жете отырып, мамандығымның биік шыңына көтеріле берсем деген арманым бар.

    Әрбір адам –туысың, досың, жұрағат.

    Әрбір сабақ – ұғыну, үйрену, ұлағат.

    Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық

    Әрбір ісің – тірлік, тілек, адамдық,   - деп Ы.Алтынсарин айтпақшы, өмірден алған әр сабақ – ұлағат боп, әр сөзіміз шындық пен адалдыққа, әр ісіміз тірілік пен адамдыққа бастап отырса, еңбегіміздің жемісін әрқашанда  көре береміз деген ниеттемін!

    Өзім еңбек ететін Златогор орта мектебінің ұжымының зор табыстарға жетіп, береке бірілігінің мықты болуына, оқушыларының сапалы білім алып, саналы тәрбиеде болуына үлес қосамын. Осы жолда өз күш жігерімді арнаймын. Бұл орайда өзімнен үлкен тәжірбиелі ұстаздардан үлгі ала отырып, талмай ізденіп, мықты маман болып шығу – алға қойған мақсатым, көздеген арманым.

     

    09.01.2017
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Директор школы Газиз Роза

    Заместитель директора по ВР Кельш Людмила Николевна

    Тәрбие ісінің меңгерушісі Насив Лаура

    Заместитель директора по УВР Көкейхан Зина

    Заместитель директора по УВР /РО/ Оберцейслер Валентина Николаевна

    В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

    Голосовать

    Полезные ссылки