Златогорская орта мектебінің 2015-2016 оқу жылында
әлеуметтік ұстаздың жылдық жұмыс жоспары бойынша
өткізілген іс-шараларға
ЕСЕП
Жаңа оқу жылында ең бірінші жұмысты 1а -2а, 3а,5а,7а-8а,9а сынып оқушыларының тізімі мен сыныптардың әлеуметтік паспортын құрудан бастадым.
Тамыз-қыркүйек айы бойы мектебімізде «Мектепке жол акциясы ұйымдастырылып», барша оқушылар, ұстаздар ат салыса қатысып, сынып жетекшілерімен бірлесе жұмыс жасадық.Жағдайлары төмен отбасындағы балаларға ұстаздар қөмек көрсетті. Атап айтсақ: ТОО «Златогорка »
1 сыныптың 14 оқушысына 14000 теңге көлемінде кітап сыйласа, мектеп құрал-жабдықтары 84000 теңге. Қол ұшын созып, көмек көрсеткен мұғалімдердің суреттерін шығарып, газет бетіне рахметімізді айтып, барша көмек көрсеткендерге алғысымызды білдірдік.
Оқушылардың жағдайларымен танысып, жаппай медициналық бақылаудан өткізілді.Әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, толық емес отбасы және сырттан келіп оқитын оқушылардың жағдайымен танысып,
оқу –құралдарымен қамтамасыз етілді.
1-ші , 4-ші және 9-шы сынып оқушыларының мінез-құлқы мен сабақ үлгерім деңгейлерін назардан тыс қалдырмай, жиі-жиі сауалнама сұрақтарымен жағдайларын бақылап отырдым.
Сынып жетекшілер, кітапханашы, мектеп медбикесі және тәрбие ісінің меңгерушісімен бірге жұмыстар жүргізіліп отырдық.
Жыл бойы линейкада оқушылардың тәртібі,сабаққа қатысуы, әлеуметтік жағдайларына байланысты іс-шараларды хабарлап отырдық. Мектеп асханасында оқушыларға ыстық тамақ беріліп, әлеуметтік жағдайы нашар отбасы және қамқорлықсыз қалған балаларға тегін тамақ берілді.
Желтоқсан айында « Мақсатты бағытымыз -нөл.
Жаңа АИТВ – жұқпасы- нөл, ЖИТС зардаптарынан болатын өлім-жітім-нөл» ұранымен мектебімізде айлық жұмыстары жоспарланды.
1желтоқсан ЖҚТБ-ке қарсы күрес күніне байланысты мектеп басшымыз Кушанова Г.Ж. басшылығымен мектебімізде сағат 11-де жиын өткізілді.
Жиында әлеуметтік педагогтар мен медбике осы тақырыпта оқушыларға ақпараттар айтып өтті.
« Дені сау және бақытты болу» тақырыбы бойынша іс-шаралар жүргізілді:
1. «ЖҚТБ - жан түршігерлік індет » (айлыққа байланысты хабарлама өткізілді)
2. «Бүкіл әлем -есірткісіз!, Шылым шегу, арақ ішуден сақтанайық »
«Біз өмірді таңдаймыз!» сурет көрмесі. 1-9 сыныптар аралығында.
3. Жаман әдеттен сақтанайық! (тәрбие сататтары бастауыш сыныптарда)
4. «Есірткі, ВИЧ, СПИД - ғасыр індеті» бастауыш сыныптарда,
(5 -9 сын) Анкеталық сұрақтар
5. «ЖҚТБ және қоғам» дөңгелек үстел (8-9 сыныптар) және тестік тапсырмалар орындалды.
6. Болашаққа - салауаттылықпен барайық! (спорттық ойындар) Денешынықтыру пәнінің мұғалімі үлесін қосты.
7. «Есірткіге жол жоқ!,Өз өміріңе өзің көр қазба!» шығармалар жазу Медбике де өз үлесін қосты.
8. Сендер білулерің керек! (баяндамалар, пікірталас) өтілді. Ата- аналармен жұмыс жүргізілді. Ата- аналар жиналысына мектеп әкімшілігі толық қатысты.Жиналыстың қорытындысында «Сіз қалай ойлайсыз? » тақырыпта ата- аналардан тест алынды.
9. 1-желтоқсан дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні (айлықтың қорытындысы) жоғары сынып оқушылары және сынып жетекшілері мен бірге ай бойы өтілген жұмыстарға мониторинг және бағалау жүргізілді. Әр өтілген жұмыста қосымша 15-20 минут бейне фильмдер көрсетіліп отырды.
10. «Салауатты өмір салтын» ұстану үшін сыныптан тыс жұмыстар өткізіліп отырды.
11. Аудандық оқу бөлімінің басшылығымен «Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқық бұзушылықтан алдын алу» тақырыбында жіберілген жоспарға негіздей отырып, мектепішілік жоспар құрып, сол бойынша жұмыстар жүргізіліп, қорытынды есебін ауданға жіберіп отырдық.
«Әлеуметтік құқық деген не?», « Заң және сенің құқығың » деген тақырыптарда дөңгелек стөл ұйымдастырылып,оған учаскелік инспектор және психолог қатысты.
12. «Өмір қандай керемет, қандай тамаша!»деген ұранмен сәуір айынан бастап барша сынып оқушыларына шығарма жарыстары ұйымдастырылып, жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.
9-шы сынып оқушыларымен үнемі қызықты сауалнама сұрақтары арқылы сырларымен бөлістік. « Қыз балаларға өнегелі тәрбие беру» дөңгелек стөл ұйымдастырылып , анкеталық сұрақтар өткізілді.
Педагогикалық кеңестерде тәртібі, үлгерімі төмен оқушылармен абайлап жұмыс жасау жайлы ақпараттар жеткізіліп, әр ұстаз жадына түйді.
Жыл бойы ата-аналармен үздіксіз жұмыс жасап, сауалнамалық сұрақтар жиі өткізіліп тұрды.
Қорыта айтсақ: Жыл бойы жоспарланған жұмыстардың барлығы орындалып, қазақ сыныптары арасында құқық бұзушылық болған емес. Мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер, мектеп медбикесі, ата-аналар, учаскелік инспектор, психолог, аспазшы, тәрбие ісінің меңгерушісі, кітапханашы және әлеуметтік педагогтар бірлесе жұмыс жасап, бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болды.