Қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс –салт әндері және замануи музыкасы:
|
Мектеп: Златогорка ОМ
|
Күні:26.11.2017ж
|
Мұғалімнің аты- жөні: Касымова А.О.
|
Сынып:5 «а»
|
Қатысқандар саны:5
Қатыспағандар саны:0
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Қазақ халқының тұрмыс –салт әндері (Тұсаукесер салты)
|
Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
5.1.2.4 – ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминдерді пайдалану;
5.1.1.1 – музыкалық жанр мен көркемдеуіш құралдарды анықтау, тыңдалған шығарманы талдау;
5.1.3.1 – әнді орындау барысында музыканың көңіл күйі мен көркем бейнесін жеткізу;
5.3.1.1 – өз жұмысын таныстыру,бағалау және жетілдіру.
|
Сабақ мақсаты:
|
Барлық оқкшылар:
· Қазақтың тұрмыс- салт әндері мен музыка өнерінің байланыстылығын ұғынады;
· Дәстүрлі отбасылық «Тұсаукесер жырларын» орындай алады.
· Оқушылардың көпшілігі:
· Қазақтың тұрмыс –салт әндері мен музыка өнерінің байланыстылығын ұғынады, пікірін білдіре алады;
· «Тұсаукесер жырын» орындай алады, дәстүрлі отбасылық тұрмыс –салт әндерін жіктей алады.
· Кейбір оқушылар:
· «Тұсаукесер жырын» орындай алады, дәстүрлі отбасылық тұрмыс –салт әндерін жіктей алады, интонацияларын салыстыра алады.
|
Бағалау критерийлері
|
· Әндерді мәнерлеп орындау.
· Өз жұмысны көрсете білу және бағалау.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
Тұрмыс –салт жырларын («Тұсаукесер жырын»)
Талдау және талқылауға сәйкес терминді қолданады, өз жұмысын а түсініктеме беріп, оны жақсатру үшін ұсыныстар жасай алады.
Талқылауға арналған сұрақтар:
· Тұсаукесер жырын тыңдау барысында мен ...
· Егер де ... мен өз жұмысымды жақсартар едім.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Қазақтың тұрмыс –салт әндерін тыңдауға үйрету, мәдени құндылықтарды дәстүрлі тұсаукесер жырлары арқылы оқушыларға дарыту.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Әдебиет, тарих
|
Бастапқы білім
|
Алдыңғы сабақтан алған білімдері
|
Сабақ барысы
|
|
|
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс- әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Тұрмыс –салт әндері дегенді қалай түсінесіңдер?
-Тұрмыс –салт әндері – адамның өмір сүруіне, тіршілігіне байланысты туған әндер.
Өткен сабақта үйренген «Бесік жырын» еске түсіріп, орындау.
Халық әні «Тұсаукесер» алдыңғы тақырыпты жалғастырады.
(ОТ,Ө)Оқушылар тұсау кесу дәстүрін біледі және өз ара пікір алысады.
Сәби «тәй- тәйлап» жүре бастаған кезде ата- анасы бала тез жүгіріп кетсін деген оймен «Тұсаукесер» тойын жасайды. Тұсаукесер тойы сүндет тойы секілді әрбір қазақ айылында міндетті түрде аталып өтеді. Жиналған көпшілік арасынана көбінесе жүрісі жылдам, қимылы ширақ, іске тез, пысық адам алынып, нәрестенің тұсаукесері соған тапсырылады.
Тұсау кесу үшін арнайы ала жіп дайындалады. Аяқтағы жіптің ала болу ыда, оның кесілуі де ұрлыққа жолама, ондайдың жолын қолыңнан келсе де, дүниенің азы біреудің бір құаш жібіне ең құрығанда бұзауға жіп болады деп қызықпа, тұсауындағы жіпті кескендей ондай арам кезіксе, кесіп құртуға тырыс дегені.Тұсаукесер сәті алдында жиналғандар кең дала, таза ауаға шығып, үсті түрлі тәтті дәмге толы бала – шағаға арналған дастарқан маңына, қызық- тамашаға жиналады.
«Жүйрік бол!» , «Шауып кет!» тағы осындай тілектер атылады.
|
Аудио-бейне
«Музыка» оқулығы
|
Сабақтың ортасы
|
1-тапсырма.Әнді орындау.
(ОТ,Ұ) Оқушылар тұсаукесер жырын орындау алдында жырдың мазмұнына тоқталып, өзара пікір алмасады.
Жыр жолдарындағы «Күрмеуіңді шешейін», «Тақымыңды жаз, балам» сөздерінің мағынасын түсіндіру.
(МК) Тұсаукерер әнін орындағаннан кейін, оқушыларға сұрақ:
- Әнге сипаттама беріңдерші.
- Айтуға ыңғайлы, жеңіл.
- Тез жатталады.
- Сәбидің жүретін қадамына сәйкес ырғықта айтылатындай әсер қалдырады және т.б.
- 2- тапсырма. Тыңдау.
- Сабақта оқушылар белгілі әнші, композитор Медеу Арынбаевтың орындауында «Балама тілек» әнін тыңдайды.
- (Ө)Оқушыларға оқулықта шығармаға байланысты төмендегідей тапсырмалар:
- Әнді тыңдап, сөзіне назар аудар.
- Тұсауы кесілген балаға айтылған тілек сөздерін анықта.
- Әннің қайырмасын үнтаспамен бірге орында.
(МК,Ұ) Әннің әуенін бұзбай айтуын бақылау.
|
«Музыка оқулығы»Аудио-бейне хрестоматия
|
Сабақтың аяғы
|
(МК) үйренген әндегі тілек сөздердің мағынасына тоқталу.
Рефлексия:
Мен не білдім?
Бүгін мен не үйрендім?
Мен үшін қандай тапсырма қиын болды?
Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым ?
|
|
Саралау-
Оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз ?
|
Бағалау-
Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Тұрмыс –салт жырларымен танысу барысында мұғалім кейбір оқушыларға көмек ретінде арнайы сипаттамалық тірек ұғымдар ұсына алады.
Тұрмыс- салт жырларымен танысу барысында оқушылар мұғалім көмегіне жүгінбей өз пікірін айта алады.
|
Бақылау;
Бағалау критерийлері мен дескрипторлар бойынша;
Пікір алысу мен әнді орындау кезінде оқушылар бірін- бірі өзара бағалайды.
|
Денсаулық технологиялары
Белсенді іс- әрекет түрлері
|
|
|
|
|
|
|