Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ филиалында 2017 жылдың 30 қазан мен 10 қараша аралығында «Робототехника негіздері» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы өтті. Біздің кураторлар К.Б. Нуртаева және А.Б. Ширажиеваға үлкен рахметімізді айтамыз. Оқу курсы негізінен зерттеу, инженерлік дизайн және технология, информатика, физика , математика мұғалімдерінің роботтарды модельдеу және бағдарламалау, әртүрлі тапсырмаларды орындауы үшін «LEGO MINDSTORMS EV3» және Arduino Uno /ATMega328/ микроконтроллерін қолдана отырып құрастыру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
ПІКІР

Курс барысында көптеген қажетті мәліметтер ала отырып, робот техникасы негіздерін зерттеу, инженерлік дизайн және технология, түрлі тапсырмаларды орындауы үшін LEGO MINDSTORMS EV3 және Arduino микроконтроллерін қолдана отырып, құрастыру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Arduino- озық оқу платформасы,ол мұғалімдерге инженерлік, нұсқаушылық, шығармашылық идеяларды іске асыру және өз әлеуетін көтеруге мүмкіндік береді. orleurobotics http://robot.ipksko.kz порталы ұсынылды, онда бізге дайын сабақ үлгілері мен роботтарды жинау тәсілдері көрсетіліп, әр түрлі бағытта тапсырмалар орындадық. Курс барысында бізге тәлім берген ұстаздар:Турсунбеков А.Ж., Тайланова А.С. өте білімді, өз істерінің шеберлері, өте еңбекқор, сонымен қатар талапшыл ұстаздар екендігін көрсете білді. Мұғалімдер жаңалықтармен таныстырып қана қоймай, тәжірибе жүзінде өзара сабақ үлгілерін көрсетіп, тәжірибе алмасып , әр түрлі роботтарға арналған тапсырмаларды жоғары деңгейде орындап, уақыттарын қызықты да пайдалы өткізді. «Өрлеу» біліктілікті арттыру курсындағы ұжымға алғысымыз шексіз. Шығармашылық табыс тілеймін! Үлкен рахмет!!!
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
Златогорка орта мектебінің информатика
пәнінің мұғалімі
Мағзұм Н.
0