СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ, АЙЫРТАУ АУДАНЫ
«Златогорская орта мектебі»КММ
Биология пәнінің мұғалімі Көкейхан Зина
Санаты:І
Еңбек өтілімі:13 жыл
Тақырыбы: Тату- тәтті отбасы
Мақсаты:
- Отбасы – әр адамның шағын отаны. Ол қоғамның бір бөлшегі, от бар жерде өмір бар. Отбасында адамдардың алатын орны туралы түсінік беру. Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
- Адамгершілік, әдеп-инабат тағылымын алуға, жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.
- Оқушылардың бойына ата-анаға деген сүйіспеншілігін, құрмет сезімін ояту, адал да парасатты ұл мен қыз тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, мультимединалық тақта, слайд.
І. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық жүргізу.
Сөз жұмбақты шешкенде, қою қара әріппен жазылған тор көзішінде, кішкене қоғамды білдіретін сөз шығады.
ІІ.Кіріспе сөз.
Мұғалім: Балалар, сөзжұмбағымыз шешілгендей бүгін отбасы туралы тақырыпты қозғамақшымыз.
Бүгін біз «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы » тақырыбындағы тәрбие сағатында бала тәрбиесі, туған-туыстармен қарым-қатынасы туралы сөз етпекпіз.
Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы.
Отбасы дегеніміз – бұл мүшелері туыстық қатынаста болып, басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіретін шағын қоғам.
Қоғам дегеніміз – бұл жалпыға бірдей мақсат – міндеттері бар, өмір жағдайлары мен қарым-қатынастары біріктірілген адамдар тобы.
Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.
Әке шаңырақ иесі.Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі.
Әйел – отбасының ұйтқысы. Баланы өсіп тәрбиелеу- ата-ана міндеті.
Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі.
Отбасы- тәрбиенің басты ұясы.
Әке жолы-ұлына мақтаныш. Ананың аялы алақаны-қызына сағыныш.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қос жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» Әбунасыр әл Фараби.
«Отбасында адам бойында асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншілікпен байланысты» Н.Ә. Назарбаев.
Сайыс сағаты 7 бөлімнен тұрады.
І бөлім Таныстыру.
Шаттық шеңбері (Атмосфералық ынтымақтастықты қалыптастыру)
Ата-аналар және оқушылармен бірлесіп шаттық шеңберін құру.
«Айналайын балам...», «Асқар тауым әкем; Айналайын анам...»
Әр ата-ана баласына қарап тұрып жоғарыдағы сөзді жалғастыру керек.
ІІ бөлім. «Білімдіге дүние жарық» викториналық сұрақтар.
- Балдан тәтті не? ( бала)
- Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл)
- Балаға кім сыншы? (ата)
- Әкеден балаңа берілетін зат ( мұра)
- Үйдегі алтын адам кім? ( ана)
- Бес дұшпанды атаңдар? ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек , бекер мал шашпақ)
- ҚР баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды? ( 2002ж 8-тамыз)
- Жасөспірім бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады? ( 14 жас)
- Тәрбие мен білімнің ордасы ( мектеп)
10.18жасқа толмаған адам ( бала)
- Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
- Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)
ІІІ бөлім «Болашағымыз білімді жастардың қолында» слайд байқауы.
(Әр оқушы өздері жасаған презентация, слайд, электронды оқулықтарын қорғайды)
ІV бөлім «Тығырықтан шығу» жағдаяттың сауалдарды шешу.
Мұнда жағдаяттық сауалдар беріледі.Өз пікірлеріңізді білдіресіздер.
- Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?
- Көктем мезгілі. Жолдасың сабақ оқуын азайтып, сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл өлетіндіктен сабақ үлгерімі төмендеп кетті.сен не істейсің?
- Сенің сабақ лгерімің орташа.Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттерінді көре білмейді.сен не істейсің?
- Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды.Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың, не істейсің?
- Сен тәртіпсіздік жасадың.Мұғалім саған қатты-қатты ескерту жасады. Сен не істейсің?
- Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалып қоятын оқушы бар. Ол оқушыға деген көз қарасың қандай?
V бөлім «Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табу.
- Атаға қарап - ..............., анаға қарап - ..................
- Ананың көңілі балада, ..........................
- Ата-ананың қадірін - ................................
- атаның баласы болма,............................. ( халықтың баласы бол)
- Ұяда не көрсең , ....................................( ұшқанда соны ілерсің)
- Балалы үй базар, ..................................( баласыз үй қу мазар)
- ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер)
- Ананың сүті – бал, ................................( баланың тілі – бал)
- Туған үйдің түтіні жылы, ..............................( туған ананың күтімі жылы)
- Анаңа ауыр сөз айтпа, ...............................( артыңа ауыр жүк артпа)
- ............ – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)
- Әке – асқар тау, .............................( ана- шалқар көл)
VІ бөлім Пікір талас «Сәлем сөздің анасы.»
Тақырыбы: Қазіргі таңда жастарымыздың батысқа еліктеуі дұрыс па?
І топ: дұрыс емес
ІІ топ: дұрыс
VІІ бөлім Қорытынды.
Біз бір отбасымыз... тренинг
Домалақтанған жіп арқылы жақсы екі сөзден тұратын тілек айту арқылы шаңырақ жасайды.
Қорытынды:
Сонымен балалар біз бүгін сендермен бірге үлкен тақырып аясында ой бөлістік. Ата-анамызды ардақтап, құрметтеп, сыйлау біздің басты міндетіміз.
Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың да болашақта жақсы азамат болып өсуі, тәрбиелі болу отбасына берілген тәрбие байланысты болмақ.
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
Златогорская орта мектебі
Т Ә Р Б И Е С А Ғ А Т Ы
Тақырыбы : «Тату-тәтті отбасы»
/отбасы күні мерекесіне арналған іс- шара/
Өткізген:
Златогорская орта мектебінің әлеуметтік педагогы Көкейхан Зина
2015-2016 оқу жылы