Меню KDT

logo.jpg?_=1699240459


 "Златогорка орта мектебі" КММ
  • kz
  • ru
  • en
  • Хабарландыру

    Құрметті ата- аналар, "Златогорка орта мектебі" КММ - сі қазақ және орыс тілінде оқытатын оқушыларды 1- сыныпқа қабылдау жүргізіледі. Құжаттар 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап 31 тамызға дейін Sitsen.kz. платформасы арқылы қабылданады.
    Қажетті құжаттар тізімі:
    2 сурет (фото) 3*4
    Туу туралы куәліктің көшірмесі (баланың)
    075 мед. анықтама
    Медициналық паспорт
    Жеке куәлік (ата-анасының біреуінің)







    "Мектепке жол " акциясы


    Бірінші қыркүйек - барлық балаларға арналған Білім күні. Баланы мектепке дайындау, қажет нәрсенің бәрін сатып алу өте қымбат.Әсіресе бірнеше баласы сабаққа баратын отбасыларға, сондай - ақ қиын өмірлік  жағдайға тап болған оқушыларға қиын. Дәстүр бойынша біздің мектепте жыл сайын қайырымдылық марафонын өткізу, демеушілер есебінен жалпыға бірдей білім беру  қорынан балаларға материалдақ көмек көрсету, ауыл мектептерінің шағын аудандарын аралау және басқа да іс- шаралар жоспарланған. 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін " Мектепке жол" акциясы өткізіледі. "Мектепке жол" қайырымдылық акциясының мақсаты аз қамтылған көп балалы отбасылардағы балаларға, жетім балалар мен ата анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық және қаржылық көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке бармаудың алдын алу. Акция аясында оқытумен қамтылмаған балаларды анықтау үшін үй жайларды аралау және  рейдтер жүргізілді, мектеп керек жарақтары мен мектеп формасын сатып алу үшін қайрымдылық көмекке мұқтаж балалардың тізімі жасалды.














    Білім саласындағы оң өзгерістер

     

    «Еліміздің ертеңгі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

    ал жас ұрпақтың  тағдыры ұстаздардың қолында»

     Н.Ә. Назарбаев.

     

     

     

    Еліміздің келешегінің кемел болуы, гүлденіп, өркендеуі қазіргі жастарға, олардың білім деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігіне тікелей байланысты. Міне, сондықтан да Елбасымыз қазақстандықтарға білім берудің жаңа сапасына көшуді тапсырған болатын. Елбасы атап көрсеткендей, жас мемлекетіміздің  болашағы бүгінгі мектептегі жас буын өкілдерінен басталады. Оларға осындай талап қою арқылы дамыған алдыңғы қатарлы отыз елдің қатарына мықтап кіру. Ел болашағының дамуы нақты өз жастарымыздың қолында тұрғаны сөзсіз. Осы мақсатта «100 балабақша, 100 мектеп» бағдарламасы бойынша көптеген жаңа нысандар

    Нұрланбек Мағзұмұлы.

    СҚО, Айыртау ауданы, Златогорская

    орта мектебінің  математика және

    информатика пәнінің мұғалімі.

     

    Білім саласындағы оң өзгерістер

     

     

    «Еліміздің ертеңгі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

    ал жас ұрпақтың  тағдыры ұстаздардың қолында»

     Н.Ә. Назарбаев.

     

     

     

    Еліміздің келешегінің кемел болуы, гүлденіп, өркендеуі қазіргі жастарға, олардың білім деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігіне тікелей байланысты. Міне, сондықтан да Елбасымыз қазақстандықтарға білім берудің жаңа сапасына көшуді тапсырған болатын. Елбасы атап көрсеткендей, жас мемлекетіміздің  болашағы бүгінгі мектептегі жас буын өкілдерінен басталады. Оларға осындай талап қою арқылы дамыған алдыңғы қатарлы отыз елдің қатарына мықтап кіру. Ел болашағының дамуы нақты өз жастарымыздың қолында тұрғаны сөзсіз. Осы мақсатта «100 балабақша, 100 мектеп» бағдарламасы бойынша көптеген жаңа нысандар салынып жатыр. Сондай-ақ еліміздің әр түкпірінде Назарбаев Зияткерлік мектептері мен халықаралық талаптарға сай білім беретін Назарбаев Университетінің ашылуы соның дәлелі. Міне, ертеңгі дамуымыз үшін Елбасы мен мемлекет жастарға осындай жағдай жасап отыр.

    Қазіргі заман талабына сай ұрпақтарымызды парасатты да, білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар ұрпақ өсіргіміз келетін болсақ, онда мұғалімдеріміз қайта даярлаудан өтіп, білім берудің жаңа түрлері мен әдістерін жаңартуымыз қажет. Ал бұл міндеттерді іс жүзінде жүзеге асыру бүгінгі  күнде мұғалімдердің кезек күттірмес міндеті. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында әлемдегі алдыңғы қатарлы ірі оқу орындарының бірі Кэмбридж Университеті арқылы кіріктірілген жаңа оқу бағдарламасының 7 модульден тұратын оу курсында өз білімімді жетілдіріп, толықтырудамын. Себебі нұсқаулықта: «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім» {5-бет} (Strong, Ward & Grant, 2011).  Ендеше барлық жүктің мұғалімге артылатыны белгілі. Жалпы бұл бағдарламадан түсінгенім, қазақстандық білім беру жүйесінен көп айырмашылығы бар, әрі жаңашылдығы мен ерекшелігі мол екеніне көзім жетіп келеді. Атап айтсам:

    1. Мұғалім ретінде кәсіби өзгеру, яғни басқарушыдан бағыттаушы рөліне

    «көрінбейтін мұғалімге» айналуы;

    1. Оқушыларды алған білімін өмірде қолдануға дағдылануы;
    2. Балалардың қабілеттерін ашу жолдарын анықтай білуді үйренуі;
    3. Мұғалім топтық жұмыс негізінде әр оқушыны жеке тұлға ретінде бағалауы;
    4. Әрбір сабақтың сәтті өтуіне оқушыларды ынталандырып отыруы;
    5. Сабақ жоспарының құрылымының өзгеруі;
    6. Мұғалімдер өзін-өзі реттей алуы (мәдени күнделік жүргізуі);
    7. Өз іс-тәжірибесіне, әрбір сабақтан кейін рефлексия жасап, талдай алуы;
    8. Уақытты тиімді пайдалана алуы;

    Білім берудің жаңа мазмұнын  меңгеру  оқушыларды жеке  тұлға ретінде қалыптастыруды, өмірге бейімдеуді қамтамасыз етеді. Осы курс бойынша алған  білімім  менің  кәсіби өсуіме негіз  болады деп  сенемін.

     

    Нұрланбек Мағзұмұлы.

    СҚО, Айыртау ауданы, Мәдениет

    орта мектебінің  биология және

    информатика пәнінің мұғалімі.

    17.10.2016
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Мектеп директоры Газиз Роза

    Тәрбие ісінің меңгерушісі Кельш Людмила Николевна

    Тәрбие ісінің меңгерушісі Насив Лаура

    Оқу ісінің меңгерушісі /КО/ Көкейхан Зина

    Оқу ісінің меңгерушісі /РО/ Оберцейслер Валентина Николаевна

    Сізге мектеп жұмысы ұнайма?

    Дауыс беру

    Полезные ссылки